ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС
Кеңес - ТОО «Ғылыми-техникалық қауіпсіздік орталығы» (ары қарай - НТЦПБ) инновациялық ғылыми-зерттеу және өндірістік-шаруашылық қызметті дамыту, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру саласындағы негізгі және қолданбалы зерттеулер мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Өз қызметінде Кеңес 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 103-VIII ЗРК «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ НТЦПБ Жарғысын және осы ережені басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері
- НТЦПБ-ның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық қызметін қарастыру, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және ұсынымдар енгізу;
- Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі анықтаған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын жүзеге асыруға көмек көрсету;
- НТЦПБ қызметінің стратегиялық және ағымдық жоспарларын қарастыру;
- НТЦПБ-ның басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми қауымдастықпен ынтымақтастық мәселелерін қарастыру;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- НТЦПБ-ның инновациялық қызметін дамыту мәселелерін қарастыру;
- Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал ету мен насихаттауға қатысу, олардың коммерциялануына көмек көрсету;
- НТЦПБ-ның халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсету;
- НТЦПБ мен оның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ғылыми кеңестің құрылымы, құрамы және функциялары
- Ғылыми кеңестің төрағасы (ары қарай - төраға) НТЦПБ директоры болып табылады.
- Төраға өз орынбасарларын тағайындайды. Төрағаның болмаған жағдайда оның міндеттерін орынбасар атқарады.
- Төраға ғылыми кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.
- Ғылыми кеңес құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері, ғылым кандидаты, ғылым докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие адамдар (олардың келісімімен) сайлануы мүмкін.
- Директор ұсынған басқа ұйымдардың қызметкерлерінен кандидатуралар ғылыми құрылымдық бөлімшелердің отырысында қарастырылады.
- Ғылыми концепцияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық даму бағдарламаларына, ғылым саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік актілерге ұсыныстарды қарастырады;
- Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жоспарлардың жобаларын бекіту және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Ағымдық ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері бойынша есептерді бекіту туралы ұсыныстар әзірлеу;
- НТЦПБ-ны басқаруды жетілдіру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру;
- Ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелерін қарастыру;
- Құрылымдық бөлімшелердің, олардың жетекшілерінің және жеке ғылыми қызметкерлердің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі туралы есептерді тыңдау;
- Халықаралық ынтымақтастық мәселелерін қарастыру, шетелдік ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулердің орындалу барысы туралы есептерді тыңдау;
- Ғылыми кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін қарастыру;
- Ғылыми жұмыстарды, ғылыми ашулар мен өнертабыс жұмыстарын мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарға ұсыну;
- Ғылымды дамытуға үлес қосқан НТЦПБ қызметкерлерін ғылыми атақтар мен құрметті атақтарға ұсыну;
- Ұлттық ғылыми кеңестер құрамына ұсынылған ғалымдар кандидатураларын қарастыру;
- Ғылыми құрылымдар, зертханалар, негізгі және жетекші ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына кандидатураларды қарастыру;
- Ауторлар мен ұжымдардың ғылыми жұмыстарын жариялауға ұсыну.
Ғылыми кеңестің құрамы
ФИО | Лауазымы, ғылыми дәрежесі |
---|---|
Балпанова Мерей Жумагалиевна | Директор, доктор PhD |
Таханов Даулет Куатович | Зам. Директора, главный научный сотрудник, к.т.н. |
Балбекова Бахыт Кабкеновна | Начальник отдела инноваций и научно технических программ, к.т.н., доцент |
Бекенов Темирбек Нусупбекович | Заведущий сектором промышленной безопасности, к.т.н. |
Рахметов Бекзад Розбаевич | Ведущий научный сотрудник ТОО НТЦПБ |
Исатаева Фарида Муратовна | Зав. кафедрой «Геология и разведка месторождений полезных ископаемых», КарТУ имени А.Сагинова, доктор PhD |
Балабаев Оюм Темиргалиевич | И.о. профессора кафедры «Промышленный транспорт», КарТУ имени А.Сагинова, к.т.н. |
Айтуганов Бауржан Еламанович | Директор ТОО «Project Support Group», к.т.н. |
Асаинов Сергей Турсунович | Главный инженер ТОО «НИЦ «ГеоМарк», к.т.н. |